Skip to content

Мектебімізде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,…

Мектебімізде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Әке жолы-ізгі жол» тақырыбында Қаржаубай Омарұлының «Әке» повесі бойынша 9 «А», 11 «А» сынып оқушылары эссе жазды.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым -қатынасты нығайту, ұлттық салт- дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Жазба жұмысын жазуда эссеге қойылатын төмендегі талаптар орындалды.
Мазмұндылығы мен идеялылығы, ой -пікірдің жүйелілігі, стилі, эссе құрылымы, грамматикалық сауаттылығы.

Оқушылардың бірі- ӘКЕ – әулет басшысы, отбасының тірегі, асырап сақтаушысы десе, бірі- барлық балалар үшін әке үйі – үлкен үй – қарашаңырақ деген ұғымға саятын құрметті де қадірлі, ыстық ұя, ұшқан ұя екендігін, әр отбасын жеке мемлекет деп қарастыра отырып, сол мемлекеттің ірге тасын қалаушы, оның бас қараушысы – отағасы – әке екенін жеткізе білген.
Қатысқан оқушылардың арасында тақырыпқа сай жазылған жұмыстарды атап өтуге болады. 9 «А» сыныптан Асылбеков Ілияс, Қанат Айша, Жұматай Ернұр. 11 «А» сыныптан Чекушкина Меланья, Тұрғанбек Еркеназ, Мұрат Сұлтан.
Баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. «Ата – сая болар бағың болса, әке – асқар тауың» дейді қазақта, сол себепті отбасылық құндылықтарды сақтайық!
Пән мұғалімі: Ж.М.Имангалиева
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *