Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де 26.02.24-01.03.24 аралығында бастауыш әдістемелік бірлестік апталығы өтеді. ”Білімнің кәусар бұлағы – бастауыш!”атты апталықтың мақсаты оқытуда инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті– бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлық бастауыштан басталады.Біздің апталықта жоспарланған іс-шараларымыз ол бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегінің жемісі болып табылады.
Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: Бекбенбетова Г.К.
#бастауышапталығы
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
