28 ақпан күні, сағат 12-де, Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушылары Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» мен Қ.Омарұлының «Әке» шығармаларын, 10 сыныптар М.Мағауиннің «Шақан шері» , 11 «А» сынып оқушылары «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Республикалық ғылыми –педагогикалық кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» республикалық челенджі аясында, өздері таңдаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының бірінші кітабын оқыды.
Мақсаты: «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру , білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, кітап оқу мәдениетін дәріптеу.
#оқуғақұштармектеп
#люблючитать
#моялюбимаякнига