Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 28.02.2024 күні сынып жетекші Ибраева Лайла Толеповнаның жетекшілігімен Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында балаларды жалпы жүннен жасалатын бұйымдармен таныстыру, жасалу технологиясын үйрету,шеберлік арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білу деңгейін арттыру мақсатында «Әжемнен қалған асыл-мұрам,киіз басу-өнер маған»тақырыбында әжелер,жеңгелердің қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді.
