📚2024 жылғы 26 ақпан – 01 наурыз күндері аралығында өтетін “Білімнің кәусар бұлағы-бастауыш” апталығының жоспарына сәйкес 3 “Ә” сыныбында математика пәнінен “ Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі” атты ашық сабақ өткізілді.
🔖 Сабақ барысында оқушылармен “Құпия сандар”, “Барабан” , “Сәйкестендір” әдістері арқылы жеке,жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. “Суретші палитрасы” атты бағалау парақтарына, оқушылар әр тапсырма орындаған сайын дескрипторларға қарап , өздерін бағалап отырды.
📝 Оқушылар сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа қатысты ой-пікірлерін “Әуе шары” әдісі арқылы кері байланыс жасады.
🖇️ Бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Л.