📜📜📜 «Мақал-сөздің қазығы,жұмбақ ойдың азығы» атты танымдық сайыс.
✅Мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.
Қатысқан сыныптар: 3 “А”, 3” Ә”
Түрі: танымдық сайыс
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
✅1 – кезең: «Суреттермен жұмыс».
Оқушыларға 5 сурет көрсетіледі. Оқушылар сол суреттерге қарап мақал-мәтел айтады.
✅2 – кезең: ««Мен ұнатқан үш пән». Бұл бөлімде әр топқа 2 жұмбақтан жасырылады. Сайысқа қатысушылар жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде, яғни, қазақша, орысша, ағылшынша, аудармасын айтады.
✅3 – кезең: «Шатасқан мақалдар».
Сайыскерлер сөздерді ретімен құрастыру арқылы мақалды табады.
🔖Сайыскерлер «Болашақ», «Қыран», «Ғалымдар», «Барыс»,«Білім» атты бес топқа бөлінді. Танымдық сайысқа оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Сайыс барысында жоғары ұпай жинаған «Ғалымдар» тобы жүлделі І орынға ие болды.
ІІ орынды «Барыс» тобы,
ІІІ орынды «Болашақ» ,«Білім» тобы иеленді.
«Қыран» тобы алғыс хатпен марапатталды.
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi