Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің « №5 ЖББ мектебі « КММ Биылғы жыл ерекше жыл себебі Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланған.
Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:
14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні» Осыған орай мектебіміздің 7 «А» және 7 «Ә « сынып оқушыларымен ,ардагер ұстазымыз, математика пәнінің мұғалімі Ахаева Гүлбахыт Кәрішқызымен 14 наурыз – Көрісу күніне байланысты кездесу өтті. Оқушыларымыз сан-алуан сұраққа жауап алып ,өте қызықты кездесу болды.