Ұлыстың ұлы күні қашаннан қайырымдылық жасап, сауап алатын мереке.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттылық, кең пейілділік. Жомарт болу-өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осы мереке қарсаңында «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 15.03.2024 күні «Қайырымдылық» күні өткізілді. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды-демекші мектеп ұжымы атынан алынған азық-түлік мұқтаж отбасына табысталды.Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Ұлыстың ұлы тойы – Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған игі іс берекелі болсын!
#наурызмейрамы
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb