Skip to content

Мектебімізде, 11 «А» сыныпта Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай,…

Мектебімізде, 11 «А» сыныпта Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ұлықтау, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын насихаттау, ұлттық құндылықтар негізінде, рухани – адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі- жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген мереке екеніне тоқтала отырып,
Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! , -деп жүргізушілер Ақбота мен Адиль жыр жолдарын оқыды, соңынан шашу шашылды.
“Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Сондай дәстүрдің бірі- айтыс.
Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскенін дәлелдей отырып, салт айтыстың түрі «Қыз бен жігіт» айтысынан үзінді көрсетті. Соңынан, Ернұр Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, сынып сағатына қорытынды жасалды.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *