18 наурыз күні 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен облыстық жиналыс өтті. Жиналысқа облыстық білім басқармасының мамандары қатысты. 9 сынып түлектерінің ата-аналарына мектептегі білімін тәмәмдағаннан кейін, баланың қабілетіне, қызығушылығына байланысты қандай колледжге, кай мамандыққа түсуге болатындығы туралы ақпарат берді. Колледждер туралы ақпаратты «MyCollege» сайтынан білуге болатынын айтты. Соңында ата-аналар өздерінің сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
