10 «А» сынып оқушылары 20 наурыз «Ұлттық спорт түрлері» күніне байланысты сынып сағатын өткізді. Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу . 🤼Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді ынталандырған. 🤼
