🗂️ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, 5«А» сынып оқушыларымен «Адалдық және әділдік» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
🔖 Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыру, мейірімділікке тәрбиелеу, ақылдылықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үйрету.
📝Адалдық сағатында оқушылар «Адалдық және әділдік» атты әлеуметтік бейнероликті көріп, өз пікірлерін білдірді. Адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге қол жеткізуде өз мүмкіншіліктері арқылы ғана жету керектігін түсінді.
🖊️Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
