Skip to content

«Тәуелсіздік күніне» орай «Тарих апталығының» жоспарына сәйкес 1 «ә» сынып…

«Тәуелсіздік күніне» орай «Тарих апталығының» жоспарына сәйкес 1 «ә» сынып жетекшісі Ибраева Лайла Толеповна сынып оқушылары мен ата-аналарды ұйымдастыруымен «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану» мұражайына экскурсия жасалды. Экскурсия барысында мұражай қызметкері мұражайдағы тарихи жәдігерлерді, мәдени мұраларды,тарихта есімдері қалған тұлғалармен олардың еңбек жолдарын таныстырды.Сонымен қатар балалармен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды тарихи өлкетану мұражайымен таныстыру,оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.
#Біртутас_тарбие
#gani.beisembayev

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *