🇰🇿16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!🇰🇿
Мектебімізде «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 4 «А» сыныбында еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
🔰Мақсаты:
• Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту.
• Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.
• Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Есенкулова Азиза Мараткызы