Skip to content

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 13.01.2025 күні эпидемиологиялық бақылау бөлімінің…

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 13.01.2025 күні эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Саттыбаева Асем Тлеужановна 5-6 сынып оқушыларына «Вирусты жұқпалар және тұмау ауруының алдын алу шаралары»тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ЖРВИ белгілері: дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның бітелуі, тұмау, түшкіру, бас ауруы, селқостық, әлсіздік, ауыршаңдық. Жедел респираторлы вирустық инфекциялармен аурудың өсуі жылдың суық мезгілінде басталады. Оған бір жағынан бұған вирустың төмен температуралар әсеріне жоғары төзімділігі әсер етеді. Екінші жағынан салқын тигізу ағзаның қорғаныс қасиеттерін төмендетеді.
Аурудың эпидемиялық өршу кезеңінде арнайы емес алдын алу шараларын қолдану ұсынылады.
• ауру белгілері бар адамдармен байланыс жасаудан қашу;
• адамдар көп жиналған орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
• медициналық маска тағу;
• қолды сабындап жиі әрі мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған арнайы құралмен сүрту;
• үйжайды сумен тазалау, ауаны желдету және ылғалдандыру;
• салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, үйлестірілген тамақтану, дене белсенділігі).
Осы қарапайым ережелерді қолдана отырып, өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды тұмаудан және басқа да жедел респираторлық вирустық жұқпалардан сақтай алатындығы айтылды.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *