Skip to content

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 6 Б сынып оқушыларымен «Вирусты…

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 6 Б сынып оқушыларымен «Вирусты жұқпалар және тұмау ауруының алдын алу шаралары»тақырыбында диктант алынды.
Аурудың эпидемиялық өршу кезеңінде арнайы емес алдын алу шараларын қолдану ұсынылады.
• ауру белгілері бар адамдармен байланыс жасаудан қашу;
• адамдар көп жиналған орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
• медициналық маска тағу;
• қолды сабындап жиі әрі мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған арнайы құралмен сүрту;
• үйжайды сумен тазалау, ауаны желдету және ылғалдандыру;
• салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, үйлестірілген тамақтану, дене белсенділігі).
Осы қарапайым ережелерді қолдана отырып, өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды тұмаудан және басқа да жедел респираторлық вирустық жұқпалардан сақтай алатындығы айтылды.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *