Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімі «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 17.01.25…

Балқаш қаласы білім бөлімі «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 17.01.25 күні 2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы және тілдер апталығы және «Өнегелі өмір» жобасы аясында іс –шаралар жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өміртай Ажар Бағдатқызының ұйымдастыруымен «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ” тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді. Тағылымдық сағаттың кезекті қонағы боп “БОЛАШАҚ” бағдарламасы стипендиясының иегері, Әлихан Бөкейханов атындағы #15 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Сартаева Айнур Толеутаевна шақырылды.
Ашық алаң барысында Айнур Толеутаевна оқушыларды “БОЛАШАҚ”, “FLEX” және т.б. мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, олардың тиімділігін, оқушылардың болашағына тигізер пайдасын тізіп айтты. Өскелең ұрпаққа ағылшын тілін үйренуге, елімізге адал қызмет етуге үлкен мотивация берді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, тілектерін білдірді.
#englishweek #шетелтілдерпәндерініңапталығы
@balqash_qbb @umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *