Skip to content

📚 «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының екінші…

📚 «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының екінші күнінде, 5 -6 сынып оқушылары «Кітап оқу-рухани кемелденудің көзі» тақырыбында «Бестік» диктантын жазды. Диктант моделі- Сөз – сөйлем-сұрақ -жауап-түйін.
📝Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру, сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу, көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту.
5️⃣ «Бестік» диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өздері құрастырады, дәстүрлі диктанттарда барлық сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады. Оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі, қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады. Оқушылар кітап, кітапхана , оқулық сөздерін қолданып, өз шығармашылықтарымен еркін мәтін жазды.
🔰Пән мұғалімдері: Ж.М. Имангалиева, А. М.Шаймерден
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *