Skip to content

22.01.2025. 📚Оқу сауаттылығы апталығының жоспары бойынша 11 «А» сынып оқушыларымен…

22.01.2025. 📚Оқу сауаттылығы апталығының жоспары бойынша 11 «А» сынып оқушыларымен «Кітаппен серуен» тақырыбында квест ойыны өткізілді.
🎯Мақсаты:
Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру;
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
Кітап оқудың маңыздылығын түсіндіру;
Ойын барысында оқушылар квест аялдамалары арқылы мәреге жету үшін әр кезеңнің тапсырмаларын орындады. Ойын 3 кезеңнен тұрды.
🔸️1-кезең: «Кім? Қашан? Қай жерде?»
🔸️2-кезең: «Жасырын кейіпкерді тап»
🔸️3-кезең: «Жұмбақ кітап»
Оқушылар ойын барысында әдебиет әлеміне саяхат жасады. «Абай жолы» романынан алынған үзінділерді талдау, кейіпкерлерді табу, шығармаларды жалғастыру сияқты қызықты тапсырмаларды орындау арқылы шығарманы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің белгілі тұлғаларының шығармалары бойынша тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық және логикалық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе, «Жұмбақ кітап» кезеңінде оқушылар сандықта жасырылған кітапты табуда кейіпкерлер мен авторларын анықтауда шығармаларды оқығандықтарын, кітап оқуға қызығушылықтарын дәлелдеді.Ойын соңында жеңімпаздар анықталды. Соңында оқушыларға мұғалім тарапынан бірнеше көркем шығармаларды оқуға кеңес берілді.
Бұл іс-шара оқушыларға кітап оқудың тек білім алуға емес, сонымен қатар қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т.
#оқусауаттылығы2025
#кітапоқумаңызды
#әдебиетәлемі
#абайжолы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *