📢Құрметті ұстаздар, оқушылар!
🗓️27-31 қаңтар аралығында өтетін **«МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА»** математикалық сауаттылық апталығы аясында біз барлығымызды үлкен математикалық саяхатқа шақырамыз! Бұл апталық тек білім алу ғана емес, логикалық ойлау қабілетімізді дамытып, танымдық қырларымызды аша түсетін керемет мүмкіндік.
🧮**«Математика — әлемнің кілті!»**
Әрбір есеп, әрбір тапсырма біздің ақыл-ойымыздың жаңа қырларын ашады. Бұл апталық бізге тек жаңа білім беріп қана қоймай, қызықты ойындар, квесттер мен байқаулар арқылы бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Өз ойыңды еркін жеткізіп, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйренеміз.
🏆**«Жеңіс — сенің қолыңда! Алдымен сен өзіңе сен!»**
Барлықтарыңызды осы апталыққа белсенді қатысуға, өз мүмкіндіктеріңізді көрсетуге шақырамыз. Әр ойын, әр жоба – бұл жаңа жетістіктерге апаратын жол!
📐**«Математика — әлемнің заңдылықтарын түсінудің жолы. Сенің шығармашылық күшің оны меңгеруге дайын!»**
Сендер әртүрлі жобаларда өз идеяларыңды іске асырып, қызықты эсселер жазып, фотосуреттер байқауларында өз дағдыларыңды көрсететін уақыт келді!
📚Апталық барысында сені күтетін қызықты әрі танымдық шаралардан қалмай, өз күшіңді сынап, жеңістеріңе жетуге ұмтыл! Математика әлемі сенің армандарыңа жетелесін!
✨✨✨**Алға, болашақ математиктер! Сендерге сәттілік!**
#balkhash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
#umckrg
#birtutas_tarbie
#қообтәрбие
#математикаапталығы2025
#математикаайналамызда