📚✨ *14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ерекше іс-шара!*
📖 «№5 ЖББ мектебі» КММ кітапхана оқырмандары арасында *«Досыңа кітап сыйла»* атты іс-шара өтті. Жас оқырмандар өздері оқыған кітаптарын бір-біріне сыйлап, қызықты пікір алмасты. Әлем ұлыларының кітап туралы даналық ойлары айтылып, оқуға ұсынылған әдебиеттермен танысты.
📚 *Букроссинг* — «кітаптың айналыста жүруі» акциясы аясында кітапқа қолжетімділік пен тиімділігі туралы мағлұмат берілді. Кітапханашы Әсия Тезекбаева мейрамның шығу тарихын баяндап, оқырмандарды кітапты сыйлық ретінде бағалауға шақырды.
🎁 *Мақсаты*: Оқырмандар арасында кітапты ең бағалы сыйлық ретінде қабылдауға, оның қоғамдағы маңызын арттыруға үйрету. Сондай-ақ, адамзат баласының рухани жаңғыруына кітаптың ықпалын көрсету.
Кітапханашы: Тезекбаева А.А
#КітапСыйлауКүні #ДосыңаКітапСыйла #КітапҚұндылығы #Букроссинг #ХалықаралықКітапКүні #ОқуғаДегенҚызығушылық #ӘлемКітаптары #РуханиЖаңғыру #Сыйлық