🔦 27.02.25. ж Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, «АБАЙ МҰРАСЫ – АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БИІК ШЫҢЫ» тақырыбында қалалық ғылыми конференция өтті.
📗Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген салауатты ұрпақ тәрбиелейтін орта құру, жас зерттеушілердің Абай шығармашылығын тереңінен танып, әр тараптан зерттеуіне, толық игеруіне ықпал ету.
Конференцияға 10 «А» сынып оқушысы Мақұлжан Меруерт «Абайдың қара сөздеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, жүлделі II орын, 9 «А» сынып оқушысы Хайдар Жанель «Абай шығармаларындағы әділет пен шындық ұстанымының қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбына ғылыми мақала қорғап, сертификат иеленді.
🖍️Жетекшілер: Ж.М.Имангалиева, А.М.Шаймерден
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
