А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық- техникалық колледжі 9- сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау мақсатында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Мақсаты: мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру, болашақ мамандығына дұрыс таңдау жасау және колледжге талапкерлерді оқуға шақыру. Оқу орнының тарихымен, оқу бағдарламасымен оқу-материалдық базасымен, ондағы даярланатын мамандықтармен таныстырып, колледжге түсу тәртібі, оқу жүйесі және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы ақпарат берілді, көрме ұйымдастырылды. Оқытушыларының және студенттердің күшімен керемет концерт өтті.
#жұмысшымамандықтаржылы
#кәсібибағдарлау
#біртұтас_тәрбие
#balgash_galasy-bilim_bolimi
