Skip to content

2025 жылдың 18 сәуір күні актер, режиссер, драматург Қанабек Байсейітовтің…

2025 жылдың 18 сәуір күні актер, режиссер, драматург Қанабек Байсейітовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Таңғажайып театр» қалалық байқауы өтті.
Байқауға мектебіміздің 6 Ә сынып оқушылары қатысып, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша сахналық қойылымынан үзінді қойды.
Байқау мақсаты
Сахнада өмір көріністерін драмалық әрекеттер арқылы көз алдыңа келтіретін театр өнерінің қыр- сырын көпшілікке кеңінен насихаттау. Қатысушылар арасынан жаңа есімдерді анықтап, жас өнерпаздардың эстетикалық талғамын арттыру.
Қойылым барысында оқушылар шығарманың басты кейіпкерлерінің бейнесін сәтті сомдап, Қожаның балалық мінезін, оның ішкі арпалысы мен түзелуге деген ұмтылысын шынайы көрсете білді. Әсіресе Қожаның өз қателіктерін түсініп, өз-өзін тәрбиелеуге ұмтылған сәттері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Қойылым барысында оқушылардың актерлік шеберлігі, сахна мәдениеті және командалық жұмысы бағаланып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Ұйымдастырушылар оқушылардың еңбегін бағалап, жас әртістерге алғыстарын білдірді.
Қойылым жетекшілері: Имангалиева Ж.М., Шаймерден А.М.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *