✅«Тәртіпті өзіңнен баста!» жалпы қалалық сынып сағаты өтті
🎙️25 сәуір күні Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жалпы қалалық сынып сағаты ұйымдастырылды.
⠀
📌Іс-шараға Балқаш қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты.
⠀
⚜️Сынып сағатының мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну және тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру.
⠀
🔰Модератор:
Мағаза Берлібек Балтабекұлы – Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ маманы.
⠀
🔰Спикерлер:
Нұрлыжан Айтмағанбетович Коразбаев – Балқаш қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны
Жанкелді Ақкожаұлы Ақкожа – адвокат
Назым Оралқызы Шарипа – нотариус
⠀
✅Спикерлер жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, тұлғалық тәртіп пен қауіпсіз өмір салты туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Your browser does not support the video tag.