Skip to content

📚 Lesson Study | Неконференция | №5 мектеп, Балқаш 🔵…

📚 Lesson Study | Неконференция | №5 мектеп, Балқаш

🔵 Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ ұйымдастыруымен өткізілген
«Lesson study: Кәсіби даму. Сапалы білім. Тәжірибе.» тақырыбындағы неконференцияда 5-сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру жолдары зерттелді.

🗣️ Зерттеу сұрағы:
«5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін жүйелі тапсырмалар мен бірлескен әрекет арқылы қалай дамытуға болады?»

✨ Іс-әрекеттегі зерттеу барысында тиімді нәтиже берген әдіс-тәсілдер:
✅ «Сабақты картаға түсіру»;
✅ «Транскрипция әдісі»;
✅ «Графикалық органайзер» әдісіне тоқталды;
🤖 Осы зерттеудің ерекшелігі – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқу процесіне интеграциялау болды.
✔️ Napkin.ai, Classroomscreen, 3D панограмма сияқты цифрлық құралдар қолданылды
🤝Сонымен қатар, «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» бағыты аясында фокус-топ отырыстары, әріптестік сабақтар мен бірлескен талдаулар жүргізіліп, мұғалімдердің кәсіби қолдауы мен рефлексиясы арта түсті.
Жүргізілген Lesson Study аясындағы бұл зерттеу – оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған жүйелі әрі мақсатты жұмыстардың тиімділігін нақты дәлелдеді. Зерттеу барысында қолданылған заманауи педагогикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдары оқушының тілдік құзыреттілігін дамытуға оң әсер етті.
📊 Оқушылардың белсенділігі мен сенімділігі артып, айтылым дағдылары нақты түрде дамыды.

👩‍🏫 Зерттеуді сәтті қорғап шыққан спикерлер:
🔹 Жуматова Индира Жанатовна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
🔹 Шаймерден Асем Маралқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

🤝 Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби өсуіне және сапалы білімге апарар жол!

Бұл тәжірибе – заманауи білім беру мазмұнына жауап беретін, сапалы әрі нәтижелі оқытудың жарқын үлгісі.

📷 @mektep5
#LessonStudy #АйтылымДағдысы #Неконференция #СапалыБілім #КәсібиДаму #ИнновациялықСабақ #Mektep5 @balqash_qbb @karlygash_dsh @umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *