Skip to content

📝18.04.2025 ж Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығы,…

📝18.04.2025 ж Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығы, А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы -техникалық колледжінің ұйымдастыруымен, «Мұғалім болу-мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Қабілетті және талантты жастар-біздің болашағымыз» атты VI аймақтық Слетіне мектебіміздің педагогикалық мамандықты таңдап отырған 9 -сынып оқушылары Бағидолла Медина, Жандосова Алина,Тоқшыманов Алан, Қалқаман Ақниет, Болат Нұрдәулет, Нурсеитов Нұрбек қатысып бақтарын сынап қайтты.
Алғашқы кезең көрсетілім алаңы, «Сәлеметміз бе! Бұл-біз!» бұл алаңда мектебіміздің «Педагогикалық сынып» жобасының қысқаша есебі, мектептің визиттік картасы, оқушылардың жетістіктері туралы ақпараттық материалдармен жабдықталған стендті қорғады, екінші кезең «Қазынаны тап» интеллектуалды ойындар, үшінші кезең «Бағыттар бойынша алаңдар» (гуманитарлық, жаратылыстану, спорт) бағыттары бойынша жағдаяттық, логикалық тапсырмалар, үш тілдегі мәтінмен жұмыстар, жасырылған сөздер, мақал -мәтелдер т.б тапсырмаларды орындауда оқушылар өздерінің білімдерін, жылдамдықтары мен зияткерлік дарындылықтарын көрсете білді, барлық бағыттардан жоғары көрсеткіштерге жетті.
🔖Жоба қорытындысы бойынша, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы -техникалық колледжінің әкімшілігі аталған жобаға қатысуға ықпал жасап, әлеуметтік серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековнаға Алғыс хат табыстады.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығының сертификаты педагогикалық сынып бейіндік жоба жетекшісі Ж.М.Имангалиеваға және қатысушы оқушылар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
#ПЕДКЛАСС
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *