Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 18.04.2025 күні сағат 12.00-де Ұлы жеңісті дәріптеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой – өрісін дамыту мақсатында “Ерліктеріңіз ғасырлар бойы өмір сүреді!”тақырыбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ерлік сағаты” өтті. Іс-шараға 10-сынып оқушыларының қатысуымен және 44803-Б әскери бөлім командирінің тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Айдар Нұрсұлтан Өсербайұлы, 44803-Б әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Асқарбеков Олжас шақырылды.
Бұл тағылымды шарада оқушылар майдан даласындағы батырлардың ерліктері жайлы мәліметтермен бөлісіп, тарихи деректерді еске түсірді.
Жеңісті жақындатқан сарбаздардың жанқиярлығы, тылда еңбек еткен аналар мен балалардың табандылығы — мәңгілік ерлік пен рухтың үлгісі.
Шара барысында бейнебаян көрсетіліп, жүрекке жетер өлең жолдары оқылды. Оқушылар Жеңіс символына айналған ардагерлер туралы ойларымен бөлісті.Бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің бағасын түсініп, тарихты құрметтеуі — ең үлкен алғыс.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы — халқымыздың жауынгерлік рухының, отансүйгіштігінің және ерлік дәстүрінің жарқын көрінісі.
Батырлар есімі — мәңгі жадымызда!.
Жетекшілер: Нурсапина С.Т, Балтабай М.А
#Жеңіс80жыл
#ЕрлікСағаты
#ҰлыЖеңіс
#БатырларЕсімі
#ТарихТірегі