Skip to content

🗓️7.04.2025 күні оқырман оқушылар арасында «Евней Букетов – 100 жыл»…

🗓️7.04.2025 күні оқырман оқушылар арасында «Евней Букетов – 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

🔰Көрменің мақсаты – Евней Букетовтың ғылым мен әдебиетке қосқан үлесін насихаттау,оның шығармашылығы мен мұрасын ұлықтау.

📖Кітапханада танымал қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдығына арналған арнайы ашық алаң мен көрме барысында оның өмірі мен еңбек жолы, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қоғамға қосқан үлесі кеңінен насихатталды.
Көшбасшы оқушылар ғалымның өмірбаяны, ғылыми жетістіктері мен тұлғалық ерекшеліктері туралы ақпараттармен танысып, терең мағлұматтар алды.

📙Көрмеде оның архивтік құжаттары, ғылыми еңбектері мен кітаптары ұсынылды.
Бұл іс-шара Евней Арыстанұлының ұрпақтар үшін қалдырған мол мұрасын дәріптеп, жастарды оның өнегелі жолын ұстануға шақырды.
Ғалымның өмірі мен еңбектері әрдайым біздің жүрегімізде, ал оның үлгісі болашақ ұрпаққа шабыт сыйлайды!

💠Ұйымдастырған: Тезекбаева А.А, мектеп кітапханашысы

#Қарағандыоблысыбілім09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@umckrg
@karlygash_dsh
#жаратылыстанубағытапталық
#биологияфизикахимиягеография
#көрме
#ЕвнейБукетов100жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *