🗓️17.03.2025 күні «Үшінші тоқсанның табыстары: Қадамды сенімді басу – келесі белестерге дайындық» тақырыбында 11а және 11Ә сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
💠Жиналыстың мақсаты — 11а және 11Ә сынып оқушыларының үшінші тоқсандағы жетістіктерін қорытындылап, оқу жылын табысты аяқтауды тиімді ұйымдастыру.
🔶Жиналысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекбергенова Ш.Ж., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова А.Қ. қатысты.
🔰Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Кіріспе — Жиналыстың мақсаты мен бағыттары таныстырылды.
2.Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселесі мен білім сапасы — Оқушылардың мектеп ережелерін сақтау деңгейі мен білім сапасының нәтижелері талқыланды. Үшінші тоқсандағы оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімі бойынша жалпы қорытындылар жасалып, болашақта білім сапасын арттыру үшін қажетті шаралар қарастырылды.
3.ҰБТ қорытындысы — Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы, оның ішінде өткен сынақтар мен тестілеулердің нәтижелері ұсынылды. Бұл кезеңде ата-аналарға оқушылардың дайындық деңгейі мен ҰБТ-ға қатысты шаралар туралы толық ақпарат берілді.
4.Көктемгі қозғалыс — Оқу жылының көктемгі кезеңіндегі оқу мен іс-шаралар туралы жоспарлар таныстырылды. Бұл кезеңде оқушылардың демалыстары, оқу процесінің ұйымдастырылуы және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
5.Электронды темекінің зияны, салдары. Ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы есірткі нашақорлығымен күресу және алдын алу туралы түсіндірілді.Ата-аналардың сұрақтары мен ұсыныстары — Ата-аналар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Әр түрлі мәселелер, соның ішінде оқу процесі, тәртіп, қосымша шаралар бойынша пікірлер айтылды.
6.Шешім шығару — Жиналыс соңында қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, ата-аналармен бірге келесі қадамдар белгіленді.
✅Жиналыс оқушылардың оқу барысын жақсарту үшін ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталды.
🔰Сынып жетекшілер: 11А -Жумабекова Б.О, 11Ә-Жуматова И.Ж
#атааналаржиналысы #ҰБТ #көктемгіқозғалыс #мектептүлектері #оқужылынтабыстыаяқтау