8 Наурыз – көктемнің шырайлы мерекелерінің бірі, Халықаралық әйелдер күні. Бұл мейрам әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіледі және әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың еңбегін, аналық мейірімін дәріптейді.
Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеген, оларды әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулық пен парасаттылыққа баулыған. “Қыз өссе – елдің көркі” деп, қыздарды әрдайым ардақтап, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
Ардақты аналар,қадірлі ұстаздар сіздерді көктемнің шуақты мерексімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің мейірімдеріңіз бен махаббаттарыңыз бұл өмірді көрікті ете түседі. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен:9А сынып оқушылары.
