«№5жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 16.05.2025 күні жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту мақсатында Балқаш қаласы көпсалалы ауруханасының психологы Омаров Александр Виталиевич жасөспірімдер арасында кездесетін күрделі мәселелер – ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу мақсатында арнайы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
• Ерте жүктіліктің салдары мен оның қыз бала өміріне тигізетін әсері;
• Жасөспірімдердің психологиялық күйі мен суицидтің белгілері;
• Қиын жағдайлардан шығудың жолдары;
• Қолдау көрсету орталықтары мен сенім телефондарының маңыздылығы.
👧 Қыз балалармен ашық диалог жүргізіліп, өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап берілді. Жасөспірімдерге:
✅ Өзін-өзі бағалау;
✅ Жауапкершілік сезімі;
✅ Өмірлік құндылықтарды түсіну;
✅ Қиындықтармен күресудің жолдары түсіндірілді.
#репродуктивтіденсаулық
#денсаулықсағаты
#мектепөмірі
#№5мектеп
#Балқаш
#саналыұрпақ
#медбикеақпарат
