Skip to content

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025 жылдың 18 маусым күні…

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025 жылдың 18 маусым күні 9-сыныпты аяқтаған түлектерге негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты шарасы өткізілді.
Іс-шара мақсаты – білім алушылардың мектеп қабырғасындағы бір белесті сәтті аяқтап, келесі білім сатысына қадам басуын құрметпен атап өту, оларға болашаққа сәт сапар тілеу.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, мектеп директоры мен ұстаздар қауымы түлектерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Одан кейін негізгі орта білім туралы аттестаттар табысталып, үздік оқушылар мен қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар мен мақтау қағаздары берілді.Ата-аналар тарапынан да жылы лебіздер айтылды.Салтанатты жиын – оқушылардың болашаққа сеніммен қадам басуына серпін беріп, ұстаздар мен ата-аналарға ризашылықтарын білдіруге мүмкіндік туғызды.

#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *