Skip to content

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 15.12.2023 күні сағат 12.00-де 16…

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 15.12.2023 күні сағат 12.00-де 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры »атты салтанатты сап жиын өткізілді.
Барлығымыз үшін желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз екенін оқушылар бойына дарыту мақсатында үгіт насихат тобының тақпақтарымен өлеңдері оқылды.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *