Skip to content

🔷 «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына…

🔷 «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына 23.12.2022 күні ZOOM платформасы арқылы «Басшы сағаты » өткізілді.Жиналыс барысында мектеп директоры Г.Ж.Балапанова
-Жаңа жылдық іс-шаралар мен ертеңгіліктердің ұйымдастырылуы.
– Қысқы демалыс кезіндегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және Қауіпсіздік ережелерін сақтау .
– Қысқы каникулдағы іс-шаралардың ұйымдастырылуы.
-Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағандарға қандай жаза қолданылады және электронды темекі , балалардың сіріңкемен ойнауы, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында, қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне байланысты сабақтардың ұйымдастырылуы, алда келе жатқан мерекелік демалыс күндерінде оқушылардың ата-анасының қарауынсыз қалмауы туралы ақпараттар берілді.
Балқаш қаласы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобы қызметкері полиция капитаны Сая Талгатовна балалардың қауіпсізідігі, Терроризм актісі туралы жалған хабарлама туралы және ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпараттар берді. Балқаш қаласының судан құтқару бөлімінің құтқарушы медбикесі Абжанова Багдат Сатпековна қыс мезгілінде жүруге тыйым салынған жерлер мен мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтті.Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *