“№5 жалпы білім беретін мектебі”КММ-де 06.12.2023 күні 8,10 сынып қыз балалары арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында “Ар-ұят құндылықтар “бағыты бойынша Ибраева Лайла Толеповна және Журчинова Жансая Бейбитовнаның жетекшілігімен «Қызға қырық үйден тыйым»тақырыбында «Кәусар бұлақ» аналар мектебінің аналары Алиева Кульбаршын Мусатаевна мен Тусупова Динара Бексултановнаның қатысуымен жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаларға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Отырысты мектеп психологы Ж.Б.Журчинованың қатысушылармен жүргізген амандасу тренингімен басталды. Одан кейін оқушылармен «Қызға қырық үйден тыйым» ұғымы, оның мән-мағынасы, заманауи отбасына әкелетін пайдасы туралы сұхбат жүргізілді. Қонаққа келген аналар қыздарымызға шаш күтімі, шашқа байланысты ырым-тыйымдар жайында мағлұмат беріп, шаш өру үлгісін көрсетті. Дөңгелек үстел соңында қонақтар мен қатысушылар отырыстан алған әсерлерімен бөлісе отырып, ұсыныстарын айтты
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb