Skip to content

5 қыркүйек күні «ЖББ №5 мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдері…

5 қыркүйек күні «ЖББ №5 мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік жоспарына сәйкес ұлттың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы тереңірек мағлұмат беру; ұлы тұлғаның өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу; оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі , шығармашылығына байланысты өздерінің білім қоржындарындағы ақпараттарымен бөлісті және жаңа ақпараттармен танысты. Олар Ахмет Байтұрсынұлының ісінің жемісі-қазіргі ұрпақ, яғни өздері екендіктерін мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары мен аудармаларына тоқталды.
«Ахмет тағылымдарын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлығы, көрген азабы, жарқын болашаққа сенімі – бәрі туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған еді. Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Біз Ахмет рухына тағзым етеміз!» деген мұғалім сөзімен аяқталды.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *