Skip to content

31 мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні…

31 мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні мен оқу жылының аяқталуына орай, 10 А сыныбында Сұм өмір абақты ғой саналыға…, «Менің өз денсаулығым мен қауіпсіздігім үшін жауапкершілігім» тақырыптарында мектеп мұражайында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, оқу жылын қорытындылау.

Сынып сағатының кіріспе бөлімінде, «Қазақстан қуғын -сүргін жылдарында» атты, аудио тыңдалып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мағжанның Сұм өмір абақты ғой саналыға… өлеңін Чекушкина Меланья мәнерлеп нақышына келтіріп, жатқа оқыды.
Сынып сағатының екінші бөлімі Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, саяси қуғын -сүргін құрбаны, ел тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлтымыздың мәдени-рухани деңгейін көтеруге күш салған, Мағжан Жұмабаевтың есімін мектебіміздің атына алуға қадам жасау, ұлт зиялысының өнегесін дәріптеу мақсатында, TED х конференция түрінде өтті. Конференцияға ақын шығармашылығы, өмірі, басынан өткен қиыншылықтары туралы тақырыптар ұсынылды:
1.«Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары» -Тұрған Еркеназ, Нұрсейтова Нұрай
2. Мағжан Жұмабаевтың өмірдерегі – Адилетұлы Адиль
3. Саяси қуғын -сүргін құрбаны -Мағжан – Айтпай Аружан, Қымран Фариза
4. Мағжан өлімі туралы шындық- Кенесбай Ақбота, Қалхаман Дильназ
5. Мен жастарға сенемін: Мағжан арманы орындалды ма? -Мұрат Сұлтан , Жұмағали Мерұлан . Әр оқушы ұсынылған тақырыптар бойынша өздерінің жасаған презентациясы арқылы тақырыптың мазмұнын ашып, көпшілік алдында, өз ойларын ашық айта алды.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *