📢31.01.25. ж 5 «А» сыныбында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына орай, «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
🖊️Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру.
Міндеттері:
Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, оқушы қауіпсіздігіне байланысты кеңестер беру, ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету.
🔖Сынып оқушыларының білім сапасы, жеткен жетістіктері, ата-аналардың іс шараларға, жиналыстарға қатысуы туралы ақпарат суреттермен көрсетілді. Менің баламның ерекшелігі әр ата-ана шығармашылық тапсырма орындады, баласының бойындағы ерекшеліктерін айтты. 📩Соңынан балаларының жазған үшбу хаттарын оқыды. Әр түрлі сұрақтар төңірегінде ой қозғады.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb