28 наурызда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челенджіне жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, бірнеше кітаптың авторы Cайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесі бойынша қала мектептерінің 5-11 сынып оқушылары, ата-аналардың қатысуымен флешбук өтті. Шара барысында «Жабайы алма» повесі желісінен сахналық көрініс, «Ашық микрофон» айдарында мектебіміздің 6А сынып оқушылары Жұмағали Ердәулет пен Айтан Аружан белсене қатысып,өз ойларын ортаға салды. «Білім ағашы» әдісі арқылы өз пікірлерімен түйіндеді .Сонымен қатар «Өмір жырын шерте білген тұлға» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
