28 қаңтар күні 7-8 сынып оқушылары арасында «Әр түрлі мамандық иелерінің өміріндегі математика»тақырыбында математикалық сауаттылық апталығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Мақсаты: оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту,қызығушылығын арттыру. Оқушылар ата-аналарының мамандықтарындағы математика пәнінің маңыздылығы жайындағы қызықты мәліметтер, сандардың сырлары туралы мағлұматтармен өз ойларын толықтырды.
