🗓️28.04.2023 күні 1 – Мамыр халықтар достығы күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты сынып сағаты 9Ә сыныбында мектеп мұражайында өткізілді.
🔰Мақсаты: Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
💐Сынып сағаты барысында бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігі жарасқан ұлттардың дәстүрін топтық жұмыс барысында насихатталды.
⚜️Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді 1 – мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт – аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
🔖Сынып жетекшісі: И.Ж.Жуматова.
