27 сәуір күні мектебімізде қыз балалар арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа 8-11 сыныптың қыз балалары қатысты. Жиналыс тақырыбы: «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» деп аталды.
Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу.
Жиналыста тәрбие жұмысының орынбасары А.К.ШАкижанова мен әлеуметтік педагог қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғады,тақырыпқа сай слайд көрсетті. Мектеп медбикесі Жазибекова С.С. қыздар гигиенасы, тазалықты қалай ұстану керектігі туралы, қыз балалар бойындағы жыныстық өзгерулер, сол кездерде өздеріне қалай қарау керектігі жөнінде түсіндіріп өтті. Мектеп инспекторы Кобелдесова С.Т. қыз балаларға электрондық шылымнан, кешкі уақытта жалғыз жүруден, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие