🔖26.12.24. 5 «А» сыныбында «Менің жетістігім, менің нәтижем» тақырыбында сынып сағаты өтті. 📝📝Оқу тоқсанының аяқталуы, тоқсандық қорытындысы мен оқушылардың бірінші жартыжылдық бойынша жеткен жетістіктеріне қорытынды жасалды. Сынып төрағасы Ерғазыев Б фракция мүшелері атқарған жұмыстарына есеп берді.
♨️🚫🚸🚦Оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, мұз айдынында, төбешіктен сырғанау , жолда жүру қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі, газ пешін қолдану, электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіз тәртіп ережелері, мәдени орындардағы тәртіп ережелері туралы ақпарат берілді.
🏕️🏕️Қысқы демалыстағы өтетін іс-шаралармен таныстырылды.
