Skip to content

🔷 26.01.2023 ж Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының…

🔷 26.01.2023 ж Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан, «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Өнегелі өмір» жобасын іске асыру мақсатында,
10 «А» сынып оқушыларымен «ӨМІР ЖОЛЫ-ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ» тақырыбында білім саласына елеулі үлес қосқан, математика пәнінің мұғалімі, зейнеткер ұстаз – Ахаева Күлбакыт Каришқызымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: Мамандықтың өмірдегі маңыздылығына көз жеткізу, әр мамандықтың қызығы мен қиындығын ұғындыру, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.
Міндеттері:
-оқушылар арасында математик ұстаздың өмір жолын үлгі ету;
-білім саласының дамуына үлес қосқан адамдардың табысқа жету тарихына мән беру, ұстаздың еңбегін көпшілікке таныту.
Кездесу барысында оқушылар ұстаздың өмір жолымен, білім жолындағы жеткен жетістіктерімен танысты. Әр түрлі тақырыптарда сұрақтар қойып, ой бөлісті. Жылы эмоцияларға толы кездесуден сыр -сұхбатымыздың қонақтары да, қатысушылары да жағымды әсерге бөленді.
Ұстаздардың ұстазы- Күлбакыт Каришқызына тек мықты денсаулық, отбасына амандық тілей отырып, оқушылар мен әріптестері атынан алғысымызды айтамыз!
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева

#математикасауаттылығы2023
#апталық
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие
@umckrg
@bahyt_himaldin
@obb_qaragandy
@gulsimkozhahmetova
@gulzhazirasuleimanova

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *