🔹25 қазан- Республика күүніне орай, 10«А» сыныбында «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!», тақырыбында ауызша журнал әдісінде тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін дәріптеу.
Сынып сағатының кіріспе бөлімінде, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сөзімен басталып, «Ауызша журнал» әдісі арқылы Республика күні- 13 жылдан соң қайта “оралған” мерекенің тарихы мен маңызы қандай?
25 қазанда қандай оқиға болды? Мереке неліктен ұмытылды? Республика күні басқа елдерде қалай тойланады? деген сұрақтарға оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Жұмасейтов Ернұр Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Поэзия минуты» сәтінде, Нұрсеитова Нұрай, Қалхаман Дильназ Туған жер, Отан туралы ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Қадыр Мырза -Әлінің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие
#Республикакүні
#Республикакүнңбілім09