25 қазан – Республика күнімен құттықтау жолдады. Елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы іспетті ұлттық мерекеміз. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды.
