25.01.23 күні 5,6 – сынып оқушыларының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Жукин Е.М және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Копбелдесова С.Т.-мен кезекті кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты: оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу және болдырмау. Учаскелік инспекторлар оқушыларға кешкі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтыны, жалғыз жүрген жерінде ұсталған жағдайда қандай жаза қолданылатыны туралы айтты. Сонымен қатар қазіргі кезде оқушылардың арасында кең таралып отырған электрондық темекінің зияны мен зардабы жайында ескертті. Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, инспекторлардан жауаптарын алды.
