24.02.2023 ж. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ тірек мектебінің жоспарына сәйкес, Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі, жас маман Караталова Зарина Сериковна «Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Мақсаты: АКТ- ны тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы бағыт- бағдар беру, ғылыми ұғымдарды түсіндіру, компютермен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, серіктес мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Шеберлік сыныбына №16 тірек мектебі, № 24 мектеп-интернаты, №5 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары қатысты.
Зарина Сериковна шеберлік сыныптың ұйымдастыру бөлімінде, тиімді психологиялық ахуал туғызу арқылы әріптестерді топқа бөліп, жұмыс мазмұнымен таныстырды.
Мiro тақтасы, «Puzzle maker», «Padlet» тақтасы, “Jumboard” тақтасы платформалары арқылы топтық, жұмыстар, теориялық тапсырмалар, сыни ойлауға бағыталған тапсырмалар беру арқылы заманауи ақпараттық технологиямен жұмыс жасаудағы тәжірибесімен бөлісті.
Әріптестер әрбір берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, берілген уақытты тиімді пайдалана отырып, белсенді қатысты. «Смартфон» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Қатысушы ұстаздар өткізілген жұмысқа оң баға беріп, жылы лебіздері мен пікірлерін білдірді.
Соңынан №16 тірек мектебінің координаторы Жұмажанова Құралай Маратқызы жас маманға рақметін айтып, келешектегі ісіне сәттілік тілей отырып, ұсыныс, пікірлерін білдірді. Қалалық білім бөлімінің атынан «Алғыс хат» табыстады.
Мектеп координаторы: Ж.М.Имангалиева
