23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай мектебіміздің кітапханасында 1 «Ә» сынып оқушыларына кітап күнінің маңыздылығы және балаларға кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу мақсатында «Кітап патшалығына саяхат» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды..
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Cол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
Шара барысында кітапханашы балаларға кітап күнінің тарихы, Г.Х.Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері туралы көптеген қызықты мағлұматтар берді.
Қатысушылар назарына қазақ, орыс, шетел балалар жазушыларының шығармалары, Г.Х. Андерсеннің ертегілері топтастырылған «Кітап – білім бұлағы» тақырыбына кітап көрмесі ұсынылды.